Ер адам 21 жылдан соң жасамаған қылмысы үшін түрмеден ақталып шықты
Нью-Йорк қаласында жасамаған қылмысы үшін 21 жыл жазасын өтеген ер адам түрмеден шықты.
Джаббар Вашингтон 1997 жылы Браунсвилл ауданының тұрғынын өлтірді деп сотталған. Қылмысты бетперде киген бірнеше адам жасаған.
Жәбірленушінің бірі полицияға Джаббардан күдіктенетінін айтады. Ертесі күні жаңылысқанын, оны жай үй маңынан жиі көретінін ескертеді. Бұл ақпарат сот құжатында тіркелгенімен сотталушы Вашингтонның адвокатына жетпеген.
Тек 21 жылдан соң оның қорғаушысы жоғарғы сотқа сотталушының кінәсіз екенін дәлелдеп шықты. Жазасын өтеуші түрмеден шыға сала анасымен, әйелімен, бала-шағасымен қауышты.
«Мен осының бәрінен соң үйіме қайта оралғаныма қуаныштымын», – дейді 43 жастағы Джаббар.
Тағы да оқыңыз:
Үнді баласының жұлынған тісі әлемдегі ең ұзын тіс деп танылды
1 жасар бала ойыншық пойыздың астына түсіп көз жұмды (видео)
Жас жігіт жұмысына макияж жасап баруға рұқсат бермейтінін айтып шағымданды