Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жанып тұрған 62 сіріңкені тілімен сөндіріп, рекорд орнатты (видео)

Словакия тұрғыны  жанып тұрған 62 сіріңкені тілімен сөндіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Ер адам жанып тұрған 62 сіріңкені тілімен сөндіріп, рекорд орнатты (видео)

Пухов қаласында тұратын Павол Дурдик бір минуттың ішінде жанып тұрған 62 шырпыны тілімен сөндірді. Ол осындай әрекетімен бұған дейінгі екі рекордты да өзі орнатқан еді. 2017 жылдың ақпан айында ол 45 сіріңкені сөндірген. Ал арада 8 ай өткеннен кейін бұл көрсеткіш 14 шырпыға артты, деп хабарлайды UPI басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Дурдиктің сіріңкені сындырудан бөлек басқа да қызығушылықтары бар. Ол 2017 жылы 30 секундта бір аяғына 28 шұлық киіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сонымен қатар, ол – жағылған және өшірілген алау саны бойынша да әлемдік рекордтың иесі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр