Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам сүйікті тағамы жайлы әңгімеден кейін екі айлық комадан оянған

Тайваньда ер адам сүйікті тағамы жайлы әңгімеден кейін екі айлық комадан оянған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Taiwan News-ке сілтеме беріп.

тағам

18 жастағы Чиу жол-көлік апатына түсіп, бірнеше ағзасы ауыр жарақаттанған. Оның ішінде, бүйрек, бауыр, көк бауыры қатты зақымдалған. Дәрігерлер оның үшінші дәрежедегі комаға түскенін айтқан. Чиу барлығы алты ота жасаған.

Медбикенің айтуынша, науқас өлім мен өмір арпалысын бастан кешірген, оның отбасы, жақындары жігіттің көзін қашан ашатынын тағаттана күтіп, дұға еткен.

Бір күні оның ағасы Чиудың сүйікті тағамы тауық филесін жегелі жатқанын айтып қалған. Осы сөздерден кейін Чиудың жүрек соғысы жиілеген, содан кейін ол есін жия бастаған. Оның өмір сүру қалпы көрсеткішкетері қайта қалпына келе бастаған. Қазіргі уақытта тайвандық жігіт есін жиған, ауруханадан шыққан. Жақында ол өзі жатқан аурухаға келіп, дәрігерлерге алғысын айтып, торт әкеліп берген.

Талқылау