Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам рәсім жасау үшін өліктердің тісін жұлып тастаған

Нигерияның Осун штатының полициясы өлген адамдардың тістерін жұлып тастаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vanguard News басылымына сілтеме жасап.

33 жастағы Афиз Одусаню Илеша қаласындағы зираттан мәйітті ұрлағаны үшін ұсталды. 

"Мен мәйітті ақша рәсімі үшін пайдалабақ болдым. 2016 жылдан бері өлгендерді ұрлап, олардың кейбір дене мүшелерін рәсімдер үшін пайдаланғанмын, бірақ менің қолымнан ешнәрсе келмеді. Мен Осунада өлген адамның тісін жұлып жатқан жерімнен ұсталдым", - дейді ол. 

Нигериялық азамат бірнеше жыл ішінде екі рет ақша рәсімін жасамақ болғанын, ол үшін Шагаму қаласында екі өліктің тісін жұлып алғанын айтты. Екі әрекеті де оған қаржылық табыс әкелмеген. 

“Мен ақша рәсімін жасағысы келетіндерге, бұл рәсімнің жұмыс істемейтінін айтқым келеді”, – дейді ол.

Талқылау