Ер адам өзіне атылған оқты ұялы телефонымен тоқтатып, аман қалды
Аустралия тұрғыны өзіне қарай бағытталған садақтың оғын смартфон арқылы тоқтатып, аман қалды.
Бұл туралы New South Wales Police Force басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 13 наурызда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орын алған. 43 жастағы ер адам көліктен түсіп бара жатқан кезінде танысының садақпен қаруланғанын көріпті. Ол бірден ұялы телефонын алып, қаскөйді суретке түсіріп алмақ болған. Осы кезде 39 жастағы танысы оған садақтан оқ атыпты. Абырой болғанда садақтың оғы ер адамның телефонына тиіп, тесіп өтіпті. Сондай-ақ, оқ аустралиялықтың иегін аздап қана жанап өткен.
Артынша оқиға орнына жеткен полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 15 сәуірде сот алдында жауап береді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”