Ер адам лотореядан миллион доллар ұтып алып қайтыс болды
Миллион долларлық лотореяны ұтып алған америкалық ақшаны алғаннан кейін үш апта өткесін көз жұмды.
Желтоқсанның басында Сидней тұрғыны 51 жастағы ағаш ұстасы Дональд Савостано құны 10 долларлық жаңажылдық лоторея билетін сатып алады. Қорғаныш қабатын өшірген ол өзінің миллион доллар жеңіп алғанын түсінген, деп хабарлайды 24 арна.
Лоторея қағидасына сәйкес ұтыс бірнеше жыл ішінде иесіне бөлшектеніп төленеді. Істі жеделдету үшін жеңімпаз ұтыстың белгілі бөлігінен бас тартып, қалған қаржыны бірден алып кете алады. Савостано болса соңғы нұсқасын таңдаған. Ал 4 қаңтарда лоторея ұйымдастырушылары оған 661,8 мың долларлық чекті тапсырады. Ұтыстан кейін ағаш ұстасы тілшілерге қартайған шағына деп ешқандай қаржы жинамағанын айтқан.
«Ұтыс ақшасы маған осы қиындықты жеңуімен көмектеседі. Мен ерекше жоспар жүрген адамдардан емеспін. Өзіме жаңа пикап сатып алып, қарызымнан құтылып, қалғанын болашағым үшін жинақ қорына саламын», – дейді ол. Бірнеше күннен кейін дәрігерлер Савостанодан соңғы сатыдағы қатерлі ісік ауруын тапқан. 26 қаңтарда ол дәл осы дерттен қайтыс болды.
Тағы да оқыңыз:
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі ресми түрде мәлімденді
Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды
Семейде 12 жастағы қыз рак ауруына шалдығып, төсек тартып жатыр