Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қайырымды ісінің нәтижесінде 349 мың доллар ұтып алды

Американың Солтүстік Каролина штаты Шарлотт қаласының тұрғынының лотерея ұтып алуына игі іс себеп болды деп санайды.

Ер адам қайырымды ісінің нәтижесінде 349 мың доллар ұтып алды

Томас Фрай ескі төсектен құтылмақ болады. Қажет емес затты сатудың немесе лақтырудың орнына ол оны "құтқару армиясы" халықаралық қайырымдылық бірлестігіне береді. Үйге келе жатып, Фрай Cash 5 лотерея билетін сатып алды.

Келесі күні таңертең ол лотореяның нәтижесін тексеріп, өзінің 349 мың долларды (22,8 миллион рубль) жеңіп алғанын анықтады. Оның айтуынша, ол сәттілікке сене алмай кем дегенде үш рет жеребе нәтижелерін мұқият тексерді.

Ер адам қомақты қаржыға кенелуін өзінің қайырымдылық әрекетінің сауабы деп сенеді. Жеңімпаз ақшалай сыйлықты өзінің болашағы үшін сақтап қалмақ.

Талқылау