Ер адам қателесіп әйелінің жалаңаш түскен суретін туыстары мен достарына жіберген
Reddit қолданушысы әйелінің жалаңаш түскен суретін қателесіп туыстары мен достарына жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Форумда қолданушы жазба жариялап, әйелімен бірге Гавайи аралында болғанын айтады. Жақындарына саяхат кезінде түсірілген суреттерді көрсетпек болған ол суреттерін бұлтты сақтауға жүктеп, сілтеме арқылы барлығына жолдаған.
Алайда кейінірек ер адам мұнда әйелінің жалаңаш түскен суреттері қосылып кеткенін байқаған.
Форум қолданушысы қателескенін тек 36 сағаттан соң біліпті. Бұл кезде суреттерді барлығы көріп үлгерген.
"Өзімді ақымақ сезініп тұрмын, барлығынан кешірім сұрадым. Бірнеше адам мұны әдейі жасады деп ойлаған", – дейді ол.
Ал өзге қолданушылар ер адамға бұған қатысты уайымдамау керегін айтқан.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн