Ер адам гей-сүйіктісімен бірге қашу үшін өз әйелін өлтірді

Ұлыбританияның Миддлсборо қаласының тұрғыны Митеш Патель  34 жастағы әйелі Джессика Пательді ұрып өлтірді. Ер адам бес жыл бойы әйелін өлтіруді жоспарлаған.

Ол Австралияға көшкеннен кейін гей-сүйіктісімен балалы болу үшін әйелінің аналық ұрығын мұздатқышқа салып қойған. Сонымен қатар, ер адам 2 миллион фунт көлемінде сақтандыру төлемін алуды жоспарлады. Ол ұрылар үйге кіріп кетті деп, ізін жасыруға тырысты, деп жазады Mirror Online.

Оның өтірігі ұялы телефондағы қосымша арқылы анықталды. Әйелін өлтіру кезінде мобильді бағдарламада барлық әрекеттер жазылып қалған. Митеш Патель өмір бойына түрмеге жабылды.

Джессиканың отбасы осындай жағдай болғанына сенбейді.

«Ол өзінің өмірін үмітпен өткізді. Ол тек махаббат пен бақытты өмір сүруді армандайтын», - дейді Джессиканың туыстары.

Полицейлер әйелдің күйеуінің 9 жыл бойы зорлық көріп келгенін анықтады. Джессика туыстарына күйеуі оны ұрғанын айтқан. Ол әрдайым қорқынышта өмір сүрді. Сонымен қатар, күйеуі оны өз отбасынан оқшаулау үшін басқа қалаға көшіріп әкеткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр