Ер адам дүкендегі сатушының қателігінен 73 миллион теңгеге байып кетті

АҚШ-тың Огайо штатында тұратын тұрғын сатушының қатесінің арқасында лотереядан 158,5 мың доллар (шамамен 72,9 миллион теңге) ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам EZPLAY Quick Spot лотереясының бірнеше билетін сатып алу үшін Chestnut Food Mart дүкеніне кірген. Ол бір долларлық бес билет пен бес долларлық бір билет алмақ болған. Алайда сатушы қателесіп, оған 10 долларлық билет рәсімдеп жіберген.
Ер адам билетті қайтармай, өзінде қалдыруды жөн көрген. Кейін тексеріп көргенде, ірі ұтысқа ие болғанын білген.
Лотерея ұйымдастырушыларының айтуынша, егер ол бастапқыда алғысы келген билеттерді сатып алып, ұтқан күннің өзінде, джекпоттың 10-50%-ы ғана ие болар еді. Ал сатушының қатесі оған ұтыстың толық сомасын алып келген.
Түскі үзіліске шыққан әйел лотереядан рекордтық ұтыс ұтып алды
ОқыңызАмерикалық азамат бұл қаражатты инвестицияға, қарыздарын өтеуге және немерелеріне көмектесуге жұмсамақ.