Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам барысты "өлтіріп", суретке түскен: Оқиғаның мән-жайы анықталды

Эколог Сәкен Ділдахмет балалары мен өлімше күйдегі барыстың ортасында суретке түсіп, жариялаған ер адамға қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, бұл оқиға 2020 жылдың 4 мамырында Қырғызстанның Нарын облысында орын алған. 

"Нарын ауданы, Емгек Талаа ауылының жергілікті тұрғыны Жолдошбек Мурсакматов Тескей-Торпо асуындағы өз фермасында жабайы аңды бұзау жеп жатқан жерінен ұстаған. Жергілікті тұрғындар бұл туралы қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігіне хабарлады", - деді Ділдахмет.

Барыстың табылған жеріне дереу мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы агенттігінің Биоалуантүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар департаменті қызметкерлері келді. 

"Ветеринарлармен бірге олар сол күні барыстың денсаулығын тексерді. Бұл егде барыс болып шықты. Ол әбден әлсіреп қалған, бір аяғы ақсап тұр, жағдайы нашар. Қар барысы денсаулығына және жасына байланысты өздігінен аң аулай алмай, малға шабуыл жасады. Қызметкерлер барысты Ыстықкөл облысының Ананьево ауылындағы NABU-Kyrgyzstan оңалту орталығына жеткізді", - деп қосты эколог.

Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің хабарлауынша, барыс мемендердің бақылауына алынды. 

Сәкен Ділдахмет барысқа Тентек деп ат қойды. Енді ол NABU-Қырғызстан жануарларды оңалту орталығында ем алады. 

STAN.KZ
Жексенбі, 20 Желтоқсан, 2020 09:23
Талқылау