Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам Алматы мен Алматы облысының сот ғимараттарына "жарылғыш зат қойғанын" айтты

Алматы қалалық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Өзін таныстырған ер адам билікке ультиматум қойды. Тексеру жүріп жатыр", –  делінген ІІМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, ер адам Алматы қаласының аудандық соттарының, сондай-ақ Алматы облысының облыстық соты мен Талдықорған қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электронды поштасына да осындай хабарлама жолдаған.

Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі жөнелтілді.

Талқылау