AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам COVID-19-ға қарсы вакцинаны 90 рет алған

Германия тұрғыны вакциналау сертификатын сату үшін бірнеше ай ішінде коронавирусқа қарсы 90 рет вакцина еккен. Алаяқты полиция ұстады. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Магдебург қаласының тұрғыны 60 жастағы ер адам Саксония федералды штатындағы вакцинация орталықтарында бірнеше ай ішінде 90-ға жуық COVID-19 екпесін алды. Неміс Эйленбург қаласындағы медициналық орталықта ұсталды. Препараттың тағы бір дозасы үшін ол екі күн қатарынан бір жерге барған.

Полиция ер адамнан екпе картасының бірнеше бланкілерін тәркілеп (әр екпеге жаңа құжаттармен келген), қылмыстық іс қозғады. Вакциналаудың жүзге жуық дозасын алуы адамдарға вакциналау сертификаттарын сатумен байланысты болуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 2021 жылдың желтоқсан айының басында Италияның Биелла қаласының тұрғынымен болған. Ол сертификат алып, COVID-19-ға қарсы вакцина алмау үшін айла ойлап тапқан. Ер адам силикон протезін сатып алып, оны өз қолына тағып өткізбек болды, бірақ айласы сәтсіздікке ұшырады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр