Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адам 24 жылдан соң қызының әкесі емес екенін біліп қалды

Американың Огайо штатындағы Делавэр қаласының тұрғыны 24 жастағы қызының туған әкесі емес екенін ойда-жоқта біліп қалды. Бұл дәрігерлердің жіберген қателігі.

Ер адам 24 жылдан соң қызының әкесі емес екенін біліп қалды

Джозеф пен Дженнифер Картеллоның қызы Ребекка отбасы тарихына қызығушылық танытады. Өткен Рождество мерекесінде ол ата-аналарына ДНҚ тестін қолдана отырып туыстарын іздеуге көмектесетін Ancestry.com жиынтығын сыйлайды. Олар үлгілерді талдауға жіберді және екі айдан кейін нәтиже анықталды. Нәтижесінде қыздың әкесі Джлзеф емес, басқа адам екені белгілі болды.

Ребекка 1994 жылы экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы өмірге келді. Процедурада Джозефтің генетикалық материалы пайдаланылуы тиіс болған, бірақ ДНҚ-ның сынақ нәтижелері бұлай  болмағанын көрсетті. Донордың нақты кім екендігі әлі белгісіз, алайда Джозеф пен Дженнифер бес адамнан тұратын топтан күдіктеніп отыр. Олардың бірі - ЭКҰ жасаған аурухананың дәрігер.

Отбасы аурухананы және репродуктивті ортаны немқұрайлылық танытты және келісімшартты бұзды деп айыптайды, келтірілген залалдың орнын толтыруды сұрайды.

“Мен Рождествода сыйға тартылған ДНҚ-сынама жиынтығы осындай жағдайға тап келтіреді деп ешқашан ойлаған емес едім", - дейді Джозеф.

Ребекка үшін бұл одан да қиын болды. Ол қатты эмоционалды күйзелісті бастан кешті. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр