Энергетиктер депутаттардың кесірінен Қазақстанда электр энергиясының тарифі негізсіз өсетінін айтып дабыл қақты
Фото: ortcom.kz
Депутат Еділ Жаңбыршиннің жұмыс тобы қазақстандық кәсіпорындар үшін зиянды заттардың шығарындыларына төлем мөлшерлемесін көтеруді ұсынды. Бастама қоршаған ортаға кері әсерді азайту мақсатында жасалған деп отыр. Дегенмен Қазақстан электроэнергетикалық ассоциациясы бұл ұсынысқа қарсылық білдіріп, экология мәселесі шешілмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда Қазақстан электроэнергетикалық ассоциациясының мәлімдеуінше, бұл тарифтердің 12%-ға қымбаттауына әкеледі және экология мәселесін шешпейді. Себебі жиналған қаражат станцияларды жаңғыртуға емес, жергілікті бюджеттерге түсіп, сол жақта "жоғалып кетеді".
"Депутаттар экологияға жинақ деген желеумен, шын мәнінде, халықтан әкімдіктердің қосымша шығындарына ақша жинауды ұсынып отыр. Бұл қаражатқа жергілікті жылу электр станцияларына сүзгілер сатып алына ма? Шығарындылар азая ма? Шлам қоймалары немесе салқындатқыш мұнаралар салына ма? Халық қаржысының тиімді жұмсалуын кім бақылайды? Парламент қарауындағы Салық кодексі жобасы аясында депутаттар барлық кәсіпорындарға, соның ішінде энергетикалық кәсіпорындарға да эмиссиялар үшін төлем мөлшерлемесін арттыруды ұсынып отыр. Энергетика саласындағы 120-дан астам кәсіпорынды біріктіретін Қазақстан электроэнергетикалық ассоциациясы бұл қадам тұтынушылар үшін қосымша жүк болатынын, бірақ саланың басты проблемасы қоршаған ортаға әсерді азайту мәселесін шешпейтінін мәлімдеді", – деді электроэнергетикалық ассоциациясы.
Ассоциация тарифтерді көтеру нақты мақсаттарға жабдықтың тозуын азайтуға, жаңғыртуға және қызметкерлердің жалақысын көтеруге бағытталуға тиіс деп отыр.
“Тек сонда біз жаңа инвестициялар тартып, жұмыс орындарын құрып, энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз. Ал эмиссиялар үшін төлем мөлшерлемелерін арттыру, оларды тиімді пайдалану тетіктерінсіз, тек соңғы тұтынушылар үшін бағаның өсуіне және экономикалық өсудің баяулауына алып келеді", – деп түсіндірді бұл бастамаға қатысты Қазақстан электроэнергетикалық ассоциациясының төрағасы Талғат Темірханов.
Ассоциация өкілдері энергетикалық станциялардың 80%-ы 50 жылдан астам бұрын салынғанын айтты.
"Арзан әрі ұзақ мерзімді несиелерсіз энергетика тез жаңара алмайды. Бізде машина жасау немесе АӨК сияқты жеңілдікпен несиелендіру бағдарламалары жоқ. Қаржыландыруды нарықтық мөлшерлемелермен алып отырмыз, ал олар бүгінде өте жоғары. Осындай жағдайда эмиссиялар мөлшерлемесін көтеру — өз аяғына өзі оқ ату. Эмиссия үшін төлем өссе, бұл қысқа мерзімде тек бір нәтижеге әкеледі: электр және жылу тарифтері шамамен 12%-ға өседі. Бұл — тұтынушылар үшін және ел экономикасы үшін ауыр соққы", – деді Талғат Темірханов.
Қазақстандықтың үстінен электр есептегішінің көрсеткішінен кейін іс қозғалды
Еуропаның бірнеше елі жаппай жарықсыз қалды
Еске салайық, бұған дейін 12 мамырдан бастап төлемді кешіктірген алматылықтар үшін электр энергиясы шектелетенін жазған едік. Компания өкілдерінің айтуынша, электр энергиясын уақытша шектеу – шарт талаптарын бұзатын тұтынушыларға қатысты ең тиімді шаралардың бірі.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
