Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика министрлігі Астана мен Қазақстанның екі облысына газ беруде аздаған үзілістердің болғанын мойындады

Энергетика министрлігі Астана мен Қазақстанның тағы екі облысына газ беруде аздаған үзілістердің болғанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазақстанның ішкі нарығына жеткізу жоспары аясында ағымдағы жылдың қараша айына 133 867 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Қазіргі уақытта бірқатар облыстарда, атап айтқанда, Астана қаласында, Жамбыл облысында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында жеткізуде біршама үзілістері бар", - деді Энергетика министрлігінің газ шаруашылығы департаментінің директоры Бақытжан Таубаев. 

Оның айтуынша, Астананың ай сайынғы қажеттілігі 8700 тоннаны құрайды.

"Астана қаласының ішкі нарығын жеткізу жоспары аясында "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС (ПНХЗ) және "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ ресурстарынан қарашада 8 512 тонна бөлінді. 7 қарашадағы жағдай бойынша Астанаға CNPC ресурстарынан 396 тонна немесе 11 вагон газ келеді. Павлодар мұнай-химия зауыты ресурстарының 216 тоннасы немесе алты вагон 8 қарашада келеді. 7-8 қарашада барлығы 612 тонна жеткізіледі. Бұл ретте CNPC зауытынан 7 қарашада 900 тонна немесе 25 вагон, 8 қарашада 396 тонна немесе 11 вагон жөнелтіледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде 7-8 қарашада CNPC-тен барлығы 1296 тонна жөнелтіледі (болжам бойынша 11-12 қарашада келеді)", - деді Энергетика министрлігі.

Жамбыл облысына қараша айына Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 5218 тонна бөлінген. 7 қарашадағы жағдай бойынша ПетроҚазақстан зауытынан қазірдің өзінде 1250 тонна жөнелтілді.

Солтүстік Қазақстан облысы үшін "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" зауытынан қараша айына 5706 тонна бөлінді. 7 қарашадағы жағдай бойынша CNPC зауытынан қазірдің өзінде 1477 тонна жөнелтілді.

"Зауыттардан жөнелтулер тәулік бойы жүргізілетінін атап өткен жөн. Алайда зауыттан нақты мекенжайға жеткізу уақытты қажет етеді. Тасымалдауды ҚТЖ жүзеге асырады, сондықтан сұйытылған газ нарығында үзіліс бар. 
Жағдай алдағы күндері тұрақталады", - деді Таубаев.

Талқылау