Энергетика министрлігі 1 шілдеге дейін АЭС салатын компанияны анықтайды
Энергетика министрлігі 1 шілдеге дейін Қазақстанда бірінші атом электр станциясын салатын компанияны немесе консорциумды таңдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
АЭС-ке қатысты үкіметаралық келісім мен тиісті келісімшарттар 2025 жылдың қарашасында жасалады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл атом өнеркәсібін 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді. Онда кейінгі атом электр станцияларын салу жоспарлары да, саланың басқа салаларын дамыту да сипатталады.
Алмасадам Сәтқалиев өткен жылы атом электр станциясын салу бойынша консорциумды іріктеу аясында ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілгенін еске салды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, әлеуетті технология жеткізушілерінің қысқа тізіміне Rosatom, KHNP (Оңтүстік Корея), CNNC (Қытай) және EDF (Франция) кірді.
Еске салайық, бұған дейін энергетика министрлігі еліміздегі АЭС құрылысы шетелдік несиелер есебінен салынатынын жеткізді. Айтуынша, АЭС салуға Ұлттық қор мен зейнетақы қорындағы ақша жұмсалмайды. Ведомство жеткізушілерге АЭС салу жобасын қаржыландырудың түрлі нұсқасын ұсынатынын айтты. Яғни экспорттық несие мен халықаралық қаржы институттарын қаржыландыруды тартатынын атап өтті. Сонымен қатар атом электр станцияларын салу жобасын қаржыландырудың әртүрлі нұсқалары ұсынылмақ.