AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика министрі сұйытылған газ бағасына қатысты түсінік бере алмайтынын мәлімдеді

ҚР энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде сұйытылған газ бағасына қатысты түсінік бере алмайтындығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шынымды айтсам, бағаға қатысты түсінік бере алмаймын. Өйткені сұйытылған газ бағасы реттелмейді. Оны нарық реттеп отырады. Сұраныс болса, ұсыныс та болады. Шынымен де, тапшылық проблемасы орын алды. Бұл жайт жазда “Теңізшевройл” компаниясының күрделі жөндеуге көшуімен байланысты болды. Қазір жағдай түзеліп келеді. Яғни газ өңірлерге жедел жөнелтіліп жатыр", – деді министр "Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы" халықаралық конференциясынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Мағзұм Мырзағалиевтің атап өтуінше, мұнай өнімдеріне, оның ішінде газға баға мұнай бағасының негізінде арақатынас орнату арқылы реттелуі керек.

"Бүгінде мұнай бағасы өсіп келе жатыр. Соңғы бірнеше айдың ішінде баға 84 долларға дейін жетіп отыр. Соған орай мұндай трендтің орын алуы мүмкін", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр