Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енемнің сүйікті күйеу баласымын": Мейрамбек Бесбаев отбасы құрған кезін еске алды

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев шаңырақ көтерген кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әншінің кәмелет жасқа толмаған қызға көзі түскен.

“Биыл отбасы құрғанымызға 20 жыл толады. Мархабат мені таныған жоқ. Орысша сөйлеп, орысша тәрбиеленген екен. Үйленгеннен кейін қазақша сөйлеп, қазақы ортаға сіңіп кетті. 18 жасқа толғанын күтіп, шаңырақ көтердік. Жастық кезең ешқашан ұмытылмайды. Үйленетін күні ұшып келдім Астанадан. 2004 жыл, 8 шілде – үйленген күніміз. Ол кезде тойға үлгермей қаламын деген ой жоқ. Той-томалақ, концерттерден қалмаймыз. Бір күнге бас тарту да ойға келмепті. Енем менің қызына деген сезіміме сенбеген. “Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?” деп сұрапты. Қазір енемнің сүйікті күйеу баласымын. Мархабатқа да ризамын”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ әнші балалары туралы да айтып берді. 

“Кәусар – 16 жаста. Абухайыр 2-сыныпта оқиды. Менің ең сүйікті жанкүйерлерім. Абухайыр машина мінсе болды, “папаның әнін қос” дейді. Болашақта кім болатынын өздері шешеді. Бірақ кішкентай кездерінен бастап барлық үйірмелерге бердік. Кәусар домбыраға да қызығады. Абухайыр каратэге барып жүр. Қызығатын салаға бара берсін, өсе келе өзіне керегін таңдап алады”, – деп ағынан жарылды әнші. 

Еске салайық, Мейрамбек Бесбаев радио ашқанын сынаған мектеп мұғаліміне жауап бергенін жазған болатынбыз. 

Талқылау