Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ сұрақтарын толық өзгертеміз – Ғылым және жоғары білім министрі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне өзгерістер енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ҰБТ

3-4 жылда ҰБТ-ның сұрақтары толық ауысады.

“Ұлттық бірыңғай тестіні құрастыратын 300 маманды дайындадық. Мамандар мықты тестілеу орталықтарына барып, оқудан өтті. Енді ҰБТ сұрақтарын басқаша тұжырымдаймыз, бұл жөнінде жұмыс басталып кетті. ҰБТ-ға қатысты кез келген өзгеріс – әбігерге салатын өте нәзік мәселе. Сондықтан оны бірден ауыстыру мүмкін емес. Реформаны кезең-кезеңімен 3-4 жыл ішінде жүргізу керек. Бірінші кезеңде сұрақтардың сапасы өзгереді. Бала ҰБТ-ны қалаған уақытта, қалаған жерінде тапсыра алуы керек. Егер баға қанағаттанарлық болмаса, ол қайта жіберіледі. Өзіне қажетті баллды алғанша құжаттарын тапсыра алады", – деді Саясат Нұрбек үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәліметінше, биыл 11 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырған.

"Негізі, біз жоғары оқу орындары талапкерлер үшін қабылдау емтихандарын өздері ұйымдастырып, өздері қабылдайтын үлгіге көшуіміз керек. Мәселен, шетелдегі университеттер студенттерді өздері таңдайды", – дейді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ басқарма басшысы ҰБТ-ға қатысты жаңа реформа ашық әрі кеңінен түсіндірілетінін айтты.

Еске салсақ, желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шыққанын хабарлаған едік. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек неліктен жоғары балл алған қазақстандық түлектердің грант ұта алмай қалғанын түсіндірді

Талқылау