Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді уақытша тіркеуді SMS арқылы ұзартуға болады

Қазақстанда уақытша тіркеуді SMS арқылы ұзарту қызметі іске қосылады. Бұл туралы  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның айтуынша, азаматқа уақытша тіркеудің аяқталуына бір күн қалғанда тіркеуді ұзарту туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

«Азамат өз келісімін берсе, уақытша тіркеу ұзартылады. Бұдан бөлек, дәл сондай хабарлама үйдің иесіне де жіберіледі. Ол да уақытша тіркеуді ұзартуға өз келісімін беруі керек. Ақпараттық базада үй иесінің меншік құқығы расталғаннан кейін уақытша тіркеу автоматты түрде ұзартылады», – деп жазды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы.

Жаңа қызметті пайдалану үшін уақытша тіркеуді ұзартатын адам да, үйдің иесі де мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Ал жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) мобильді телефонмен байланыстыруды Egov порталының жеке кабинетінде, не болмаса, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында жасап алуға болады.

Жаңа қызметті енгізу туралы шешім ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қабылданды.

Тағы оқыңыз:

Ресейдің атынан ойнап жүрген қазақстандық шахматшы қыздың басы дауға қалды

Дәрігерлер жыныс мүшесі кесілген жігіттің денсаулығы қалай болатынын айтты

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысы Қазақстанның рекордтар кітабына кірді

Талқылау