"Енді сұхбат бермеймін": Алуа Қонарова журналистерге ренжіп қалды
Белгілі продюсер Алуа Қонарова кейбір басылымның журналистерін сатқын атап, ендігіде сұхбат бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында жазған.
«Журналистер әртүрлі болады. Бірақ көбінесе сары басылымның журналистері сатқын. Болды, енді мен сұхбат бермеймін», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол телеарналардан емес, газеттерге сұхбат беруден көңілі қалғанын жазды. Ол журналистер төмен дәрежедегі сұхбат алатынын айтып, сынады.
Айта кетсек, бірде Алуа Қонарова бір басылымда өзінің аты қате жазылып кеткені үшін қатаң ескерту жасаған болатын.
Продюсер қазір шетелде демалыста жүр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”