Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді сен қалып едің...": Мейрамбек Бесбаев жаңа салаға бет бұрды

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев жаңа салаға бет бұратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі кино түсіргісі келетінін жасырмай, оқырмандарынан кеңес сұрады. 

“Қазіргі кездері "кино" түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз. Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар. "Енді сен қалып ең кино түсірмеген", дейтін достар әлі бастаған жоқпын, уайымдамаңыздар!", — деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары әншінің жаңа бастамасына сәттілік тілеп, қандай туынды күтетінін жарыса жазып жатыр.

“Өзбекәлі Жәнібеков туралы түсірсеңіз қалай болар екен", "Естай" фильмін түсіру керек, досым", "Тарихи кино түсіріңіз. Күлкілі кино керек емес", "Бала Мейрамбектен аға Мейрамбекке дейінгі оқиғаны суреттейтін фильм күтемін", "Жас буынға үлгі болатындай, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кино болса", "Мән-мағынасы келіскен кино шығарына сенеміз, өйткені сіз өнердің өз адамысыз, сәттілік", — деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Мейрамбек Бесбаев атақты Романенко жасаған домбыраны сыйға алған еді. 

Талқылау