Енді ресейлік дзюдошылар әлемдік жарыстарға өз елдерінің туымен шығады
Фото:Championat.com
Ресейдің дзюдо құрамасы халықаралық жарыстарда енді өз елдерінің туының астында шығуға ресми түрде қайта рұқсат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл шешімді Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) қабылдады.
2021 жылғы Токио Олимпиадасында ресейлік спортшылар Ресейдің мемлекеттік туы емес, "Russian Olympic Committee" (ROC) жалауы астында сайысқа түскен.
Ал 2022 жылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталған соң, олар халықаралық аренада шеттетіліп, кейбірі бейтарап ту астында шығуға мүмкіндік алған еді.
Алдағы Абу-Дабиде өтетін Гранд Слэм турнирінде – ресейлік дзюдошылар ұзақ үзілістен кейін РФ туымен шығатын алғашқы жарысы болмақ. Бұл мүмкіндік IJF-тің жаңа қаулысының нәтижесінде жүзеге асқалы отыр.
Айта кетейік, IJF бұған дейін осындай шешімді Беларусь спортшыларына қатысты қабылдаған.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”
"Біреуді суға батырып жіберсе не болады": Қазақстандықтар мектептерде жүзу сабағының енгізілуіне алаңдаушылық білдірді
Бюджетте бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған және инфрақұрылымның дайындық деңгейі де бағаланбаған

