Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді мысықтарымыз алаңсыз өмір сүреді": Блогер Нагимуша су жаңа пәтер сатып алды

Танымал желі жұлдызы, блогер Нагимуша жақсы жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nagimuwaa/

Әлеуметтік желі белсендісі су жаңа пәтер сатып алғанын айтты. Блогер 30 жасқа толғанын күнін жаңа пәтерінде қарсы алмақ.

“Бүгін мен 30 жасқа толдым, 2024 жылдың қазан айында біз өз үйімізді сатып алу туралы келісім жасадық. Мен жылай бердім әрі сене алмай тұрмын. Күйеуім екеуміздің қолымыздан келді”, – деп жазды блогер.



Сонымен қатар күйеуі Александрға ел алдында алғыс айтты. 

“Мен сені жақсы көремін. Екеумізді құттықтаңдар! Енді жаңа өміріміз басталады. Жөндеу жұмыстарын жасаймыз. Балалар мен мысықтарымыз алаңсыз өмір сүреді. Болашақта ит асырмаймыз. Құрылысты міндетті түрде оқырмандарымызға айтып отырамыз. Бәр үшін рақмет, жаным”, – деп жазды желі жұлдызы. 

Еске салайық, Блогер Нагимуша алып қашудың құрбаны болған қыздарға кеңес берген еді. 

 

Талқылау