Енді мемлекет пәтерақы мен коммуналды қызмет ақысын төлеуге көмектеседі
Қазақстанда тұрмысы төмен отбасылар коммуналдық қызметтерді және жалға алу ақысын төлеу кезінде мемлекеттің көмегіне жүгіне алады.
Бұл туралы abctv.kz хабарлайды.
Біздің елімізде азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету шаралары, аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алып отырған тұрғын үйге немесе пәтерге жалдау ақысын төлеуге көмек алуына мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, тұрғын үй көмегіне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, телекоммуникация желілеріне қосылған байланыс қызметіне – телефонның абонентік төлемақысын төлеу де кіреді.
Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылар үйді немесе тұрғын үйді күтіп ұстауда да аталмыш көмекке жүгіне алады. Көмекті алудың бір ерекшелігі, тұрғын үй көмегін тек отбасының барлық мүшелерінің жалпы табысы, шығыстардың жалпы пайыздық үлесінен асатын отбасылар ғана ала алады.
Кедей отбасылардың шығындарына жоғарыда аталған пунктердің (жалға алу, тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтер) барлығының ортақ шығыстар сомасы жатқызылуы мүмкін.
Аталған пайызды жергілікті атқарушы органдар белгілейді және оның мөлшері отбасының тұрып жатқан өңіріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Дегенмен, бұл көмекті барлық облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың аз қамтылған отбасылары талап ете алатындығын айта кеткен жөн.
Бұдан басқа, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алған отбасылар ғана емес, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үйде тұратын азаматтар да тұрғын үй көмегін талап ете алады.
Тұрғын үй көмегін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе электрондық үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейлі банктер арқылы жергілікті өкілетті органдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз:
Ресейде пойызбен соқтығысып қаза тапқан жүргізуші Даниярдың өлімін отбасы жаңалықтардан естіген
Ан-28-дің қара жәшігіндегі ақпараттар апта аяғына дейін белгілі болады
Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды
Астана полициясы көшеден табылған нәрестенің ата-анасын іздеп жатыр