Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар салықты бөліп төлейді немесе мерзімін кейінге қалдыра алады

Фото: Stan.kz

Қазақстанда салықты бөліп төлеуге, тіпті төлеу мерзімін кейінге қалдыруға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, заңға сәйкес кез келген азамат қаржылық қиындығы болса өтініш білдіріп, салық мәселесін реттеуге құқылы. Яғни, борышкер жиналған салықтың толық сомасын біржолғы төлеу шарттарымен 6 айға кейінге қалдыра алады. Немесе 3 жыл бойы ай сайын бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Алайда бұл жеңілдіктер төленбеген айыппұлдарға, импортталған тауарлар үшін өтелмеген қосымша құн салығына, Ұлттық қорға аударылатын төлемдер бойынша қолданылмайды.

“Жеңілдік қолданылған бүкіл кезең үшін есептелетін өсімпұлды төлеуге міндетті. Тек форс-мажорлық жағдай туындаса немесе оңалту рәсімін қолданған кезде өсімпұл есептелмейді”, – дейді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айжан Бекеева.


ChatGPT Қазақстанда қосылған құн салығын төлейді


Төрт қазақстандық блогер 2,2 миллиард теңге табысын жасырып қалған


Бұған дейін Салық кодексіне байланысты миллиондаған қазақстандықтың жалақысы қайта есептелетіні туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 08:20
Талқылау