Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар баланың туу туралы куәлігін постаматтар арқылы ала алады

Енді қазақстандықтар балалардың туу туралы куәліктерін Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Әділет министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пилоттық жобаны 2025 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Туу туралы куәліктер азаматтарға "Kaspi Bank" АҚ постаматтары арқылы жеткізіледі.

"Азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген электрон құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электронды апостильді қолдануды дамыту жоспарланып жатыр. Жаңашылдық азаматтарға аталған құжаттарды бір өтініш аясында алып, апостиль қоюға мүмкіндік береді. Қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болады деп жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.



Сондай-ақ заң көмегін көрсету саласында Әділет министрлігі 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Ол "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесіне талаптардың даусыз екені және борышты тану, борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық беру туралы растайтын құжаттарды салуды, нотариустың борышкердің (жеке немесе заңды тұлға) тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауын көздейді.   

Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелетіні туралы жазған едік. 

Талқылау