Енді Қазақстанда 3 миллион теңгеден асатын несие рәсімдеу үшін жұбайының келісімі сұралады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елімізде енді 3 миллион теңгеден асатын несие рәсімдеу үшін жұбайдың келісімі сұралатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Егер несие сомасы 1000 АЕК-тен (3 932 000 теңгеден) асып кетсе, қарыз алушының жұбайының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл талап банктер мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) қатысты және несие берер алдында қолданылады.
Алайда, егер жұбайы қоса қарыз алушы болса немесе несие ішкі қайта қаржыландыруға жатса, онда келісім қажет емес.
-
Алаяқтарға несие рәсімдеу қиындайды: Қазақстанда онлайн несие рәсімдеуге жаңа шектеулер енгізіледі
-
Қазақстанда әскерге шақырылғандарға несие алуға тыйым салынбақ
Айта кетейік, бұл ереженің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 23 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"