Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қайда барамын: Қарағанды облысында әйел төрт баласымен бірге даладағы вагонда өмір сүріп жатыр

Бәрі балалар үшін, тек балалар үшін. Қарағанды облысында 4 баласымен даладағы вагонды пана етіп отырған 33 жастағы әйел осылай деп жылайды. Балаларының алды 11 жаста, кенжесі 2 жасқа да толмаған әйел ата-анасы мен бауырлары бола тұра, қу даладағы вагонда жарықсыз, сусыз күн кешуде.

Енді қайда барамын: Қарағанды облысында әйел төрт баласымен бірге даладағы вагонда өмір сүріп жатыр

Бұл туралы «Зеркало» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Татьяна Бумажникова 2 жыл бұрын Щучинскіден Теміртауға көшіп келген. Әйелдің сөзінше, балаларының әкесі сол жақта қалыпты. Күйеуі оны аяусыз ұрып-соққан екен. Сондықтан әйел 4 баласын алып, ата-анасының үйіне келіпті. Онда ата-анасынан бөлек, екі әпкесі балаларымен тұратын көрінеді.

«Ата-анамының үйінде тұрдым. Қорғаншылық бөлімінен келіп, менің үйден кетіп, өзіме баспана іздеуімді талап етті. Керісінше жағдайда балаларымды тартып алатынын айтты. Былтыр «Теміртау» мейманханасында бір бөлмені жалдап тұрдым. Ал ол жерде жеңіл жүрісті қыздар жүретін. Балаларым ішімдікке сылқия тойған, көңіл көтеріп жүрген адамдарды өз көзімен көрді. Сондықтан осы вагонға көшіп келуіме тура келді», – дейді 4 баланың анасы.

Татьянаның 4 баласымен бірге вагонда тұрып жатқанына бірнеше ай болған. Жазда шыдап бағуға болғанымен, қазір өте суық, дейді ол.

Енді қайда барамын: Қарағанды облысында әйел төрт баласымен бірге даладағы вагонда өмір сүріп жатыр

Әйелдің сөзінше, ол мұнда көшіп келгеннен кейін әкімдікке көмек сұрап барған.

«Комиссия келіп, көріп, таза екенін айтты. Артынша қорғаншылық бөлімінен келіп-кетті. Ештеңе айтпады. Мен қайда тұрамын? Пәтерім жоқ. Енді қайда барамын?» – дейді Татьяна.

Бүгінде Татьяна жанармай құю станциясында жұмыс істеп жүр. Ол жұмысқа кеткен кезде балаларын ата-анасына қалдырады екен. Алайда заңды түрде жұмысқа тұрмаған ол нақты жалақысын атай алмады. Біресе 16 мың теңге десе, біресе 30 мың теңге алатынын айтты.

Ал көпбалалы ана ретінде баспана кезегіне тұрған әйел жақын арада қоныс тойын тойламайтын тәрізді. Себебі кезекте 1349-ыншы болып тұр.

Қорғаншылық бөліміндегілер бұл отбасын бұрыннан танитынын айтты. Татьяна Теміртауға көшіп келгелі бері қорғаншылық бөлімінде есепте тұр екен.

«Ол ата-анасымен бірге тұрды. Ұрысып қалған бойда үйден кетіп қалады. Татьянаның әкесі оның күйеуінен алимент талап еткенін сұрап отыр. Балалардың әкесі онымен бірге тұрады ғой», – дейді білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының маманы Галина Доброскок.

Енді қайда барамын: Қарағанды облысында әйел төрт баласымен бірге даладағы вагонда өмір сүріп жатыр

Бұл жайтты Татьянаның өзі жасырып қалуға тырысты. Алайда 4 баланың әкесінің Теміртауға келгенін Татьянаның ата-анасы мен әпкелері растап отыр.

«Ол артынан келді. Олар ата-анасының үйінде тұрғысы келді. Алайда ата-анасы екеуің де жұмыс істесеңдер, пәтер жалдаңдар деп шарт қойған. Ал балаларын өздері қарап беретінін айтқан. Бұл жағдайда, негізі, баспана бар. Балалар ата-апасының үйінде тұра алады. Ата-анасы жұмыс істейді, табысы бар. Мұндай жағдайда оларды ата-ана құқығынан айыра алмаймыз. Ол балаларынан бас тартып отырған жоқ. Жәрдемақы рәсімдеді, жұмыс істейді. Үлкен баласы интернатта. Ол мемлекет есебінен тамақтанады. Ал кішкентай балалары ата-апасымен бірге тұрады», – дейді Галина Доброскок.

Қорғаншылық бөліміндегілер Татьянаны әйелдерге арналған дағдарыс орталығына жібергендерін айтуда. Алайда ол шын мәнісінде жалғызбасты ана болмағандықтан, ол жерге барудан бас тартқан.

19 қазанда қорғаншылық бөлімінің мамандары кәмелет жасқа толмаған балалардың ісі бойынша инспекторлармен бірге вагонда тұратын отбасыға барып, жағдайларын көріп қайтқан. Өз кезегінде олар анасынан балаларды ата-апасының үйіне апаруын талап етіпті  Керісінше жағдайда оларды балалар үйіне апаратынан айтқан. Нәтижесінде Татьяна балаларын ата-анасының үйіне алып барыпты. Алайда мұның қаншалықты ұзаққа созылатыны белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Қазан, 2018 13:44
Талқылау