Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде акушер-гинеколог, кардиолог, уролог сияқты мамандар науқастарды онлайн қабылдайды

Денсаулық сақтау министрлігі енді амбулаториялық-емханалық жағдайларда бірнеше медицина мамандары науқастарды қашықтықтан қабылдайтыны туралы жаңа бұйрық дайындады. Олардың ішінде гинеколог, хирург, акушер, терапевт, кардиолог т.б бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ашық НҚА” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Құжат жобасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық-емханалық жағдайларда қашықтан қызмет көрсету ұсынылады. Бұл мамандандырылған медициналық көмектің шарттары бойынша медициналық қызметтердің тізбесін кеңейтпек.

Қашықтықтан медициналық қызметтердің жаңартылған тізімде: терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, психолог, кардиолог, ревматолог, невропатолог, инфекционист, аллерголог, уролог, онколог тағы басқалары бар.

Талқылау