"Енді дайындалып келуге Қайрат кетті": 5 тәулікке қамалып шыққан Тұрсынбек Қабатов әзілімен көрерменді күлдірді
Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов Астана күні қарсаңында жеке шығармашылық кешін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/
Айта кетейік, өнер иесі ұшақта бортсерікті балағаттағаны үшін бес тәулікке қамалған еді.
“Осы концертіме бес күн дайындалдым. Әдейі телефонды өшіріп, ешкіммен сөйлеспей жалғыз өзім дайындық жасадым. Енді концертіне дайындалу үшін Қайрат кетті”, – деп әзілдеді актер.
Әзілкештің әйелі де жазба жариялап, жолдасына қолдау білдірді. Аншлагпен келген көрерменге алғыс айтты.
“Көрерменге деген құрметі қандай десейші?! Бүгінгі концерттен үзінді.
Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс. Айтпақшы, айта кетейінші. Сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселене келе берсінші. Рақмет баршаңызға”, – деп жазды блогер Мөлдір Мұқанова.
Еске салайық, ҚР Жоғарғы сотында хабарланғандай, әзілкешке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылған еді.