Енді бала таппаймын деген: 44 жастағы әйел жиырма екінші баласын босанбақ (видео)
Ұлыбританияда тұратын көпбалалы ана Сью Рэдфорд жиырма екінші перзентіне жүкті екенін айтты. Әйел Youtube-тегі The Radford Family аталатын отбасылық арнасында ролик жариялап, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Сью Рэдфорд пен күйеуі құрсақтағы баланың УДЗ суретін көрсетті. Ерлі-зайыпты өткен жылы ғана ендігі бала таппайтындарын айтқан. Себебі олардың 21 баласы бар. Олардың ең кішісі 2018 жылы дүниеге келген.
Көпбалалы ана қазіргі уақытта жүктіліктің 15-аптасында жүргенін айтты.
«Баламның жынысын білгенше асығып жүрмін. Ол ұл болса екен деп армандаймын», - дейді ол.
Егер Сьюдің 22-нші перзенті ұл болса, отбасында 11 ұл, 11 қыз баласы болмақ.
БАҚ мәліметінше, отбасы мемлекеттен ешқандай жеңілдік алып отырған жоқ. Тек балаларға жәрдемақы беріледі екен. Ерлі-зайыптының отбасылық наубайханасы бар. Онда отағасы мен ересек балалары жұмыс істейді.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен