Енді алты қазақстандық банк арқылы бірыңғай QR-мен төлем жасауға болады

Бірыңғай QR енді алты қазақстандық банктің клиенттеріне қолжетімді болады. Бұған Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank, Freedom Bank, РБК, Халық банкі және Altyn Bank банктері кіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызметтің іске қосылғаны туралы Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit форумында ресми түрде жарияланды.
Жыл соңына дейін бірыңғай QR-ға тағы 3 банк қосылады.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов журналистерге Kaspi пысықтау кезеңінде екенін мәлімдеді.
Қыркүйектің соңында Ұлттық банк Бірыңғай QR іске қосылғанын хабарлаған еді. Ол кезде сервис Банк Центркредит, Home Credit Bank және Freedom Bank клиенттеріне ғана қолжетімді болған.
Клиенттер өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы сатушының терминалында (сервиске қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсететін) көрсетілген QR-кодты сканерлеп, сатып алуларын төлей алады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"