Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбекқор жұмысшылардың жағдайына алаңдаған Сеул билігі жұма күндері қызметкерлерді кеңседен “қуып шықпақ”

Сеул билігі Оңтүстік Корея тұрғындарын дендеген еңбекқорлық «індетіне» алаңдаушылық танытып отыр. Ендігі билік жұма күндері кешкі уақытта компьютерлердің барлығын мәжбүрлі түрде өшіріп тастамақ.

Бұл туралы BBC басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оңтүстік Корея билігі «мерзімнен тыс жұмыс істеу мәдениетін» тоқтатқысы келетінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі жұмыс уақытының ұзақтығы әлем бойынша алдыңғы қатарлардың бірінен табылып тұр. Мемлекеттік қызметкерлер орташа есеппен жылына 2 739 сағат жұмыс істейді. Өз кезегінде бұл өзге де дамыған елдердегі жұмыс уақытынан 1 000 сағатқа артық.

2018 жылдың 30 наурызынан бастап қала билігі жұмысшыларды еңбекқорлықтан «емдеуге» кіріспек. Алдымен жұмысшылардың компьютерлері кешкі сағат 20:00-де өшірілсе, біраз уақыттан кейін компютерлер 19:30-да өшірілетін болады. Ал мамыр айында кеңсе қызметкерлері әр жұма сайын сағат 19:00-де жұмысын тоқтатады.

Мемлекет билігінің мәлімдеуінше, аталған бастама барлық жұмысшыға қатысты. Алайда кей жағдайларда шектеу қойылуы мүмкін.

Десе де елдегі жұмысшылардың 67 пайызы өздеріне қатысты «мәжбүрлі түрде жұмысты тоқтату» бағдарламасын қолданбауды сұрап отыр.

Оқи отырыңыз:

Өзін шешіндіріп тексерді деп шағымданған мұсылман әйел 27 млн теңге өтемақы алды

Түрмеде жазықсыз 31 жыл отырып шыққан ер адам миллионер болып кетті

Қазақстандық қорғаушы АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео)

Ер адам зейнетке ерте шығу үшін есімі мен жынысын өзгертіп тастаған

Талқылау