AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек және әлеуметтік қолдау вице-министрі тағайындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне үкімет қаулысымен Назгүл Сағындықова тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Назгүл Сағындықова Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Сағындықова еңбек жолын 2001 жылы директордың міндетін атқарушы болып бастады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің жетекші маманы.

2001-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істесе, 2005-2018 жылдары "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ басшы қызметтерін атқарды.

2018-2020 жылдары инспектор міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болған.

Ал 2020 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі – Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Хатшылығының меңгерушісі қызметінде жүрген.

Бұған дейін Еңбек министрлігінің вице-министрі қызметінде Руслан Сәкеев болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр