"Ең жақын адамым қас жауым болып шықты": Президенттен көмек сұраған Индира Елемес баспанасын қайтарды
Фото: Видеодан скриншот
Жақында бұрынғы күйеуі үйін тартып алғаны туралы айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектен көмек сұраған танымал қазақстандық әнші Индира Елемес баспанасын қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты хабарды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Мен сені қорқынышты түсімдей ұмыттым”. Сен маған барлық қолыңнан келген зияныңды тигіздің, бірақ мақсатыңа жетпедің! Біздің отбасымыз бірнеше ай бойы үйімізді заңсыз тартып алмақ болған адамдардың қысымына тап болды. Алайда әділдік жеңіп, барлық мәселе толықтай өз шешімін тапты. Осы күрделі кезеңде біздің құқығымызды қорғап, барлық заңдық рәсімдерді дұрыс жүргізіп, әділ шешім шығуына ықпал еткен. Рамазан Бұлбұл мырзаға ерекше алғыс білдіреміз. Құжаттарды реттеу, заңды процестерді бақылау, жағдайды ашық әрі кәсіби түрде басқару – бәрі жоғары деңгейде орындалды. Соның нәтижесінде біз өз үйімізді ресми түрде, заңды негізде иемдендік”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол жазбасында үйді өзіне қайтаруға көмектескен барлық жанға алғыс білдірді.
“Жанашырлық танытып, әділдік үшін аяғына дейін бірге болғаны үшін Рамазан Бұлбұл мырзаға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Осы өмірімнің қиын сәтін менімен соңына дейін бірге болып қолдаған жандар аяулы анама, құрбым Әлияға, інім Нұрғазыға көп рақмет! Мұрат Бейгеде рахмет мені Рамазан Бұлбұлмен байланысқа шығарды! Соңғы сөзім – ең жақын адамым қас жауым болып шықты”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал қазақстандық әнші Индира Елемес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектен көмек сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялағаны хабарланған еді.