Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең төменгі сорт": Дәрігер кімдерге қалта шайды қолдануға болмайтынын айтты

Қалта шай жұмыста уақыт тығыз болғанда немесе жолға шыққанда таптырмайтын дүние. Алайда онколог дәрігер мұндай шайдың зияны шаш етектен екенін ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Онколог дәрігер Артур Бернацкий қалта шайдың құрамында адам денсаулығына тікелей әсер ететін 300-ге зат барын айтады. Атап айтсақ, шай құрамындағы кофеин мөлшері кофеге қарағанда әлдеқайда көп. 

“Кофедегі кофеин және кофе қышқылы асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына тез сіңіп, қанмен араласып, белгілі бір реакция тудырады. Ал шайдағы кофеин танинмен тығыз байланысы болғандықтан “кофеин танаты” деп аталады. Ол ағзада кофедегі кофеин секілді ағзада қалып қоймайды. Сол себепті адам қанша шай ішсе де ондағы кофеиннің мөлшерден тыс екенін байқамайды. Ал кофеин бүйрек үсті бездерінің жұмысына әсер етіп, стресс гормондары жүйке жүйесін тоздырады”, – дейді Артур Бернацкий. 

Маман қалта және түйіршіктелген шайдың денсаулыққа қаншалықты зиян екенін айтты. 

“Қалта шай дегеніміз шай жапырақтары емес, жай ғана үккіштен өткізілген ұнтақ. Оның құрамынан денсаулыққа пайдалы дүние таппайсыз. Сондай-ақ өзіне өндіріс қалдықтарын сіңіріп алған шайдің сүзгі қалтасында ешқандай қаптама болмайтынын ескеріңіз. Бұл ең төменгі сортты шай. Мұндай шайда әдетте көптеген қоспалар бар. Құрамындағы химиялық қоспалардың көптігінен қалта шай мен түйіршіктелген шай тіпті суық суда да жылдам түс береді. Онкологиямен ауыратын науқастарға қалтадағы шайды, сондай-ақ жасанды хош иістендірілген шайды ішуге болмайды. Олар иммундық және лимфа жүйесіне агрессивті әсер етуі мүмкін”, – деді дәрігер онколог.

Дәрігер сондай-ақ “тағы кімдерге қалта шайді тұтынуға болмайды?” деген сауалға жауап берді. 

“Аллергиясы бар адамдарға жасанды хош иістендіргіш шайдан бас тартуға кеңес беремін. Атопиялық дерматит, псориаз, бронх демікпесі, аллергиялық ринит (шөп безгегі) бар адамдарға бұл шайды мүлдем ішуге болмайды”, – деп ескертті Артур Бернацкий.

Талқылау