Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәнті болуға тұрарлық: Қазақстан қоғамындағы ең беделді 13 әйелдер

Бүгінде еліміздің қоғамдық өміріне ат салысып, өздерінің қайырымдылық іс-шараларымен, қоғамдық мәселелерді шешуге зор үлес қосуымен танымал болған қазақстандық әйелдер көп. Осыған орай Stan.kz ақпараттық агенттігі  Қазақстанның әрі беделді, әрі танымал әйелдерінің тізімін ұсынады.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Дарья Клебанова – «Prime Style» ЖШС қалаушысы, «Scavia» зергерлік бутигінің иесі. Парламент Мәжілісінің экс-депутаты. Бірнеше жыл дәрігер болып қызмет атқарған Дарья кейіннен публицистикалық және көркемдік бағдарламалардың редакторы болады. 2004-2012 жылдары саяси қызметпен белсенді айналысқан.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Гүлнар Мерғалиева – L’Officiel Kazakhstan журналының қалаушысы. Өмірін отбасы мен бала-шағасына арнаған Гүлнар баспа саласына тек елу жасында келген. Өз жұмысын сүйетін ол Италиядағы Damiani ақсүйектер қабылдауының сыйлы қонағы және Лондондағы қайырымдылық кештерінің қонағы болған. L’Officiel журналының арқасында мүгедек балаларға арналған көптеген қайырымдылық шаралар өткізген. Сонымен қатар, Гүлнар ат спорты мен сноуборлингпен айналысады.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Татьяна Ким – «Premier Jewellery» ЖШС бас директоры. Бұдан бөлек ол алматылықтарға De Beers
Және Yana зергерлік брендтерін ашқан. Сондай-ақ қайырымдылыққа қатысы бар екенін ашық айтпайтын Татьяна күйеуінің «ДОМ» қайырымдылық қорының бір бөлігі болып саналады.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Әсел Тасмағамбетова – «Сәби» қайырымдылық қорының қалаушысы және президенті. «Мүгедектерге лайықты өмір» атты жобасы арбаға таңылған балаларға көліктік көмек көрсетеді. Қайырымдылық саласында көптеген сыйлықтарға ие болған. Айта кетсек, «Алтын жүрек», «Асыл Алма», «Жаншуак», «Құрмет» сияқты премиялармен марапатталған. Осы күнде Қазақстандағы жалғыз «органикалық» бренд болып табылатын «Telli Kazakhstan» биобутигінің иесі.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Гүлнар Досаева – DARA қорының қалаушысы, Fashion-ретейлер. Гаухар Қаппаровамен ортақ «G&G Glamour» компаниясын ілгерілетеді. «G&G Glamour» – Люкс сыныбының fashion-ретейлері, Қазақстан аумағында MaxMara, Dolce & Gabbana, Fendi, Gucci, Celine, MarinaRinaldi, Sergio Rossi, Mathew Williamson, Temperley, Jitrois, Рreen, Markus Luрfer, Jenny Packham, Andrew GN, Michael Kors, Marchesa, Emporio Armani брендтерін ұсынады. Сонымен қатар, Гүлнәр қайырымдылық шараларына уақыт табады.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Жанна Кан – Damiani және Constella зергерлік бутиктерінің иесі. Жаннаны көбінесе ақсүйектер кештерінде байқауға болады. Әрі сұлу, әрі ақылды және табысты келіншек сурет салумен де айналысады. Сондай-ақ, Жанна зергер саласында жаңа топтамалармен таң қалдырудан жалықпайды. Әр жаңа топтамасы бұрынғысынан ерекше болады.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Жәмилә Абилова – BLVD Magazine журналы мен Mercedes-Benz Fashion Week Almaty қалаушысы. Қазақстанның сән әлемінің ең танымал және беделді тұлғасы. Саясаткер Болат Абиловтың қызы Жәмилә Goldsmiths College, University of London-дағы журналистика факультетін аяқтаған. Тағылымдаманы Лондондағы Condé Nast баспа үйінде өткен. Бүгінде үш бала тәрбиелеп отырған Жәмилә бәріне үлгеруде.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Наталья Цхай – Korean House мейрамхана желісінің иесі. Бүгінгі беделді ресторатор Наталья Оңтүстік Калифорния университетін «Кәсіпті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Korean House мейрамханасы қазір әртүрлі тұтынушыларға арналған бірнеше форматтағы мейрамхалардың бірі.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Құралай Нұрқаділова – Kuralai Fashion house қалаушысы және дизайнер. Отандық сәннің қалаушысы. Оның киімдерін қазақстандық әншілерден бастап шетелдік жұлдыздар мен «Астана Опера» театрының қатысушылары, «Air Astana», «Beeline» компанияларының қызметкерлеріне дейін киеді.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Айгүл Нұриева – Midas Telecom акционері. 2016 жылы «Қазақтелеком» акциясын сатқан Айгүл Forbes-тағы алдынғы қатарлық тізімде.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Аружан Саин – «ДОМ» қайырымдылық қорының директоры, тележүргізуші, продюсер. Қор балалар үйіне, мүгедек пен ауру балаларға көмек көрсетеді. «Мүгедектерге қамқор үшін» номинациясында «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, тағы «Халықтың сүйіктісі», «Қоғамшыл» сыйлықтарына ие болған.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Альфия Куанышева – ең бақуатты кәсіпкер Тимур Қуанышевтің әйелі. Альфия Чарльз ханзадамен қайырымдылық жоба барысында танысқан. Сол шаралардың бірі – Қазақстандағы «Хейлиберди» британдық мектебінің ашылуы болған. Сонымен қатар, Альфия дүниежүзілік танымал қайырымдылық қорларын қолдайтын Ковент-Гарден ханшайым операсының құрметті мүшесі болып табылады.

Бизнес саласындағы беделді қазақстандық әйелдер

Шолпан Нұрымбетова – «Банк Kassa Nova» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы. Өзінің нәзіктігіне қарамай мықты іскер әйел болып табылады. Жас болса да басқару саласында тәжірибесі мол. Банк саласында көп уақыт қызмет етіп келе жатқан жас Шолпан еліміздегі экономикалық жағдайды бағалауда мықты маман болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Қазан, 2018 10:30
Талқылау