"Ең батыл операциялардың бірі": Трамп Иранда шабуылға ұшыраған ұшқыштың құтқарылғанын айтты

Дональд Трамп америкалық әскери күштердің Иран аумағында шабуылға тап болған F-15 ұшағының екінші ұшқышын эвакуациялағанын мәлімдеді. Ол бұл операцияға ел тарихындағы ең батыл әрекеттердің бірі деп баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, ұшақ апатынан соң ұшқыш Иран аумағында қалып қойып, оның жау қолына түсіп қалу қаупі болған. Алайда АҚШ әскері оның орналасқан жерін тәулік бойы бақылап, құтқару операциясын жоспарлаған.
“Құрметті отандастар, соңғы бірнеше сағат ішінде АҚШ Қарулы күштері біздің экипаж мүшеміздің бірін құтқару үшін ел тарихындағы ең батыл іздеу-құтқару операциясын жүзеге асырды. Сондай-ақ аса құрметті полковниктің тірі және денсаулығы жақсы екенін қуана хабарлаймын”, – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.
Айтуынша, ол операция кезінде “дүние жүзіндегі ең қауіпті қарумен жабдықталған ондаған ұшақтарды” жұмылдыруды бұйырған. Президент ұшқыштың жарақат алып, зардап шеккенін де жасырмады.
Алайда Иран АҚШ күштерінің жоспары “сәтсіздік аяқталғанын” деп мәлімдеп, ұшқышты құтқару кезінде Вашингтон екі тікұшақ пен бір жүк ұшағын жоғалтқанын хабарлады.
Трамп сондай-ақ бір күн бұрын екінші ұшқыштың да құтқарылғанын растады. Оның айтуынша, жаңа операцияға кедергі жасамау үшін бұл ақпаратты бірден растамаған. АҚШ президенті эскадрильяны эвакуациялау кезінде бірде-бір америкалық әскеридің қаза таппағанын және жарақаттанбағанын айтты. қосты.
The New York Times ұшқышты құтқару операциясын америкалықтар мен ирандық күштер арасындағы “екі күндік өлім үшін күрес” деп сипаттады. Әскери таулы шатқалда 24 сағаттан астам уақыт бойы Иран әскерінен жасырынған ұшқыштың қолында тек тапанша болған. Бастапқыда оның орналасқан жерін америкалықтар да, ирандық та әскерлер білмеген. Басылымның мәліметінше, АҚШ Орталық барлау басқармасы Иран күштерін адастыру үшін дезинформация таратып, оларды әскери қызметкердің құтқарылғанына сендіруге тырысқан.