Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емші бала Ербосын туған ауылын асырап отыр

Емші бала Ербосын Серікбаев Қызылордадағы өзі туған Аралқұм ауылын асырап отыр. Оған он мыңдаған адам ем алуға келеді. Тіпті, шетелден де келетіндер бар.

em2

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Аралқұм ауылында мыңға жуық адам тұрады. 7-сынып оқушысы Ербосын Серікбаевтың арқсында тұрғындар да күнін көріп отыр. Адамдар емшінің үйіне келетіндерге такси қызметін ұсынса, өзгелері түнеу үшін үйлерін жалға береді.

Ербосынның емінің сыры – ол Құран сүрелерін оқып, қамшымен ұрады. Бос уақытының бәрінде сүре оқиды. Емшінің өзі Аллаға сенген адамдарға ғана көмектесе алатынын айтады. Ербосын өзіне осындай қасиет берілгенін түсінде көрген. Өзінің айтуынша, түсіне ақсақал кіріп оның адамдарды емдеуі керек екенін айтыпты.

Ербосын туберкулез бен жұқпалы ауруларды емдемейтінін ескертеді. Ол медицинаның емдеуге күші жетпейтін дертті емдейтінін айтады.

Емші бала медициналық оқу орынан түсуді армандайды. Ал, қазір бос уақытында қатарластары секілді доп ойнайды. Бірақ еміне жазылушылардың көптігінен ойын ойнауға қолы тие бермейді екен.

Жіберіп алмаңыз:

2016 жылы туған нәрестелерге елімізде қойылған ең танымал есімдер

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

Аралқұмдық емші бала Ербосын 17 жыл сөйлемеген қыздың тілін шығарды

Қызылордадағы «Қағба» басына барып, қасиетті құдықтың суынан шипа іздеушілер көп (фото)

Талқылау