Емізулі баласымен такси көлігін жүргізген астаналық әйелге орталықтан пәтер берілді
Қазақстандықтар кішкентай сәбиді қолына алып, көлік жүргізген Әсел үшін 1,7 млн теңге жинады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ZHEST_KZ-тың мәліметі бойынша, автоледи елорданың оңтүстік-шығыс аймағындағы жатақханада бөлме жалдап тұрған.
Қызы Медина үш айлық болғанда, әйел көлік айдап, такси жүргізушісі болуға мәжбүр болған.
Әйелдің қызынан бөлек, 12 жастағы ұлы бар.
Бұған дейін полицейлер әйелге балалар креслосын сыйлағаны жазылды.
Автоледиге тұрғын үй кешенінің бір бөлмелі пәтері берілді. Бірақ үйді сыйға тартқан құрылыс компаниясы аталмады.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен