Сәбиін қолына ұстап, такси жүргізген: Әрекеті көпшілікті тәнті еткен әйелге қазақстандықтар 1,7 млн теңге жинап берді
Естеріңізде болса, бұған дейін бес айлық құндақталған сәбиін ұстап, бір қолымен рульді басқарып, такси қызметін атқарған астаналық әйел туралы жазылған. Осы оқиғадан кейін астаналықтар сәбиін қолына ұстап, көлік жүргізген әйелге 1,7 миллион теңге жинап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әрекеті көпшілікті тәнті еткен әйелдің есімі Әсел. Ол баласын жалғыз өсіріп отыр. Қаржы жетпегендіктен таңертең көлігімен жолаушы тасымалдап, түстен кейін екінші жұмыс істеуге мәжбүр болған.
Видео желіде тараған соң қала тұрғындары қаржы жинауды бастап кеткен.
- "Жылама, көз жасыңды сүртіп, қайта күрес": Желіде астаналық бапкердің мойыған шәкіртін жігерлендірген видеосы көпшілікті тәнті етті
- Ауру әйелі мен балалары үшін қазақстандықтардан 26 миллион теңге жинап алған азамат тоқал алған
Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеоға Астана полициясы назар аударып, әйелді тапқан. Оны жауапкершілікке тартпай, түсіндіру жүргізумен шектелген. Сондай-ақ сыйлық та тарту еткен.
Бұнымен қоса Астана қалалық Полиция департаменті мамандандырылған батальонының қызметкерлері әйелге баланы тамақтандыруға арналған арнайы орындық сыйлаған.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"