Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Емханаға апарып, зорлады": Нұр-Cұлтанда фельдшер екі күн бойы мүгедек қызға қорлық көрсеткен

Елордалық ана, мүгедек қызына екі күн қорлық көрсеткен фельдшер жазасыз қала ма деп қауіптенеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Елордалық ана қызына қорлық көрсеткер фельдшердің үстінен құзырлы органдарға арыз жазған. Содан бері 5 ай өткенімен, іс орнынан қозғалмады дейді.

Елордалық ана өзін де, науқас қызын да көрсеткісі келмеді. Жаға ұстатарлық жайтты жайып салды. Айтуынша, жарымжан баласына қала емханасының фельдшері зорлық көрсеткен. Қызы суық тиіп ауырып қалған соң маманды үйге шақыртқан екен.  

“Үйге Емдеу-7 емханасынан кешкі уақытта, жұмыс уақытынан тыс фельдшер келді. Келіп қызыңызды алып кетеміз, КТ түсіреміз деді. Маған бармай-ақ қойыңыз деді. Сосын емханаға апарып, оны зорлаған. Алдымен көзін байлап, гинекологиялық креслоға отырғызған. Содан соң өзінің арам ойын асырған”, – дейді қыздың анасы. 

Анасының сөзіне сенсек, қызы 2-ші топтағы мүгедек, ақыл-есі 10-15 жылға кеш дамитын көрінеді. Айтқаныңнан шықпайтын, тұйық мінезді деп отыр. Жәбірленуші де оқиға туралы айтып берді.

“Ол мені апарды. Әкелерің сендермен тұра ма деп сұрады, бұрын-соңды қарым-қатынасқа түстің бе деді. Содан соң сезініп тұрсың ба деп сұрай берді. Маған бұл құпия, ешкімге айтуға болмайды деді”, – дейді зардап шегуші.

Отбасы оның әлі күнге жұмыста жүргенін айтады. Емхана дәрігердің жұмыста екенін растады.

“Бұл жағдайға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен емхана әкімшілігі хабардар. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл істің нәтижелері тергеу жұмыстары біткен соң жария етіледі. Полиция департаменті тергеу әлі де жалғасып жатқанын хабарлады. Тергеудің ұзаққа созылуының себебі сараптамалардың көп болуынан деп түсіндірді”, – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта шешім шығарылады дейді заң органдары.  

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 01 Ақпан, 2022 20:34
Талқылау