Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші M'Dee Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Фото: instagram.com/mdeemusic/

M'Dee лақап атымен танымал қазақстандық әнші Мадияр Тоқтаров Парижде сүйіктісі әрі блогер Гүлсезім Хасенге үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Өмірімдегі ең оңай “Маған тұрмысқа шығасың ба?” – деп жазған ол.

Сондай-ақ блогер Гүлсезім де парақшасына әсерлі сәттен сурет жүктеді.

“Мен “Иә, әрине” дедім”, – деп жазға ол.

Әншінің әріптестері және желі қолданушылары жұпты жарыса құттықтап жатыр.

“Сүйкімдісідер”, “Екеуіңіздің еш алғаш кездесіп жүрген сәттеріңізді білемін, ал қазір қалыңдың мен күйеужігіт”, “Мадияр ,бақытты болыңдар! Қуаныштымыз”, “Қазақ еліне +1 жеңге”, “Алдындарым, құттықтаймын”, “Қанша күттім”, “Әлі де сене алар емеспін”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, M'Dee – танымал қазақстандық хип-хоп және R&B орындаушы, ән авторы әрі музыкалық продюсер. Ол ретро-вейв, диско-фанк және романтиканы ұштастыратын ерекше стилімен, сондай-ақ “Алматылық джаз” сияқты табысты альбомдарымен танымал.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 16 Ақпан, 2026 12:33