Эльжана Таниева Париж олимпиадасының алдында әлем кубогіне қатысады
Көркем гимнастикадан Париж олимпиадасының жолдама иегері Эльжана Таниева олимпиада алдында соңғы жарысына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Эльжана Таниева Италияның Милан қаласында өтетін әлем кубогінің соңғы кезеңіне қатысады. 21-23 маусым аралығында өтетін дүбірлі додада Қазақстан атынан тек Эльжана Таниева сынға түседі. Бұл отандасымыздың Париж олимпиадасы алдындағы соңғы жарысы болмақ. Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығатын отандасымыз төртжылдықтың басты додасы алдында өз бабын бір сынап көреді.
Айта кетейік, Эльжана Таниева – Париж олимпиадасында көркем гимнастикадан өнер көрсететін жалғыз спортшы. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған еді.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"

