Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропаға сапарлайтын елдерге виза беріле ме: Stan.kz бірнеше елдің елшіліктеріне хабарласып анықтап көрді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялаған коронавирус бүкіл әлем экономикасына зардабын тигізіп, кәсіпкерлерге шығын әкеліп жатыр. Саясаткерлер жоспарланған сапарларынан бас тартып, халықты да мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармауға кеңес берді. 16 наурыздан бастап мектеп оқушылары демалысқа жіберіліп, ЖОО студентері онлайн-сабақтарға көшірілді. Жақын арада Еуропаның елдеріне сапар шегуі тиіс қазақстандықтар да уайымға салынып, кейбіреулеріне тіпті виза берілмепті. Қазіргі қалыптасқан жағдайды анықтау мақсатында Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы Германия, Испания, Италия елшіліктерден сұрап көрді. Естеріңізге сала кетсек, вирусты жұқтыру қаупі бойынша Италия - 1А, Германия, Франция, Испания 1Б категориясына жатқызылған.

«2020 жылдың 1 ақпанынан бастап 30 маусымға дейінгі аралықта Италияға кіруге виза алған тұлғалар брондаған сапарларын коронавирустың таралуына байланысты кейінге шегергендігін (одан бас тартпағандығын) көрсеткен жағдайда кіру визасын тегін алуға құқылы. Жаңа визаны алу үшін бұрынғы пайдаланылмаған визамен бірге төлқұжатты және туроператорлар тарапынан (мысалы, итальяндық қонақ үй немесе туристік агенттіктер) сапардың кейінге шегерілгендігін және алдын ала төленген сомманы қайтару сұралмағандығын растау жеткілікті. Сондай-ақ, Қазақстанда жұмыс істейтін аутсорсингтік агенттіктер арқылы визаға өтініш берген тұлғалардан ешқандай қызметтік ақы талап етілмейді», – деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігі.

«Сұрағыңызға жауап ретінде коронавирусқа байланысты виза беру тоқтатылмайтындығын хабарлаймыз. Визалық өтініштер Алматыдағы Германияның Бас консулдығында бұрынғыдай қарастырылады. Осыған байланысты ақпарат және болашақта болуы мүмкін өзгерістер Қазақстандағы Германия өкілдіктерінің сайтында хабарланады», – делінген Қазақстандағы Германия Елшілігінің хатында.

«Қазақстандықтар кез-келген уақытта Испанияға виза жасата алады. Біз визаны бұрынғы тәртіппен беруді жалғастырып жатырмыз. Ешқандай тосқауыл қойылып жатқан жоқ. Испанияға саяхаттау немесе бармау, ол әр адамның өз құқығы. Тек Испанияда тұрып жатқандарға Қазақстанға келуге уақытша рұқсат жоқ», – делінді Қазақстандағы Испания Елшілігінде.

«Еуропа елдерінің кейбіреулері коронавирусқа байланысты визаны тоқтатып жатыр. Бірақ бізге әлі ондай бұйрық келмеді. Сол себептен әлі де виза беріліп жатыр. Әзірге тоқтатқан жоқпыз. Бұрынғы қалыппен жұмыс істеп жатырмыз», – деді Қазақстандағы Франция Елшілігінің баспасөз қызметі. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында мұқтаждарға азық-түлік үлестірмек болған кәсіпкердің басы дауға қалды

Ол өзінің рұқсат қағазы бар екенін атап өтті

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ден асты

Тағы 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Елімізде коронавирусты тіркеудің 629 жағдайы расталды

"Әкем көре алмады": Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты

Ол анасының қартайып бара жатқанын көру қиынға соғатынын мойындады

Алматының 20 тұрғыны көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды

Тағы 23 адамға айыппұл салынды

Маска кимей "Магнумға" кірмекші болған: Компания өкілі сатып алушымен төбелескен күзетшінің қылығын түсіндірді

Ірі супермаркеттер желісінің күзеті маскасыз кіргені үшін қала тұрғынына тап берген

Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелді

Ақмолада 19 адамнан вирус анықталды

"Кей әншілердің жұлдыздық каприздері бар": Әншілермен жұмыс істейтін режиссер Мейрамбек Бесбаев жайлы

Режиссер: Мейрамбек аға өзге әншілер секілді емес, бәрін тез қабылдайды

Бұл екпені салдырғандар коронавируспен күресе алады: Дәрігер БЦЖ екпесінің коронавирусқа әсерін айтты

Ғалымдар: БЦЖ екпесін тұрақты қолданатын елдерде коронавируспен ауыратындар аз

Алматыда 7 сәуірден бастап барлық өткізу қағаздары мен жол жүру анықтамалары жойылады

Карантин кезеңінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электрондық дерекқоры құрылды
Çàãðóçêà...