Қазақстанда елшілердің жұбайлары мұқтаж жандарға 36 млн теңге ақша жинады
Астанада рождестволық қайырымдылық жәрмеңке аясында жиналған қаражат балалар үйлеріне, мұқтаж жандар мен науқастарға жәрдем ретінде берілетін болады.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Қазақстанда Шетелдік елшілер жұбайлары клубы Ambassadors Spouse Astana (ASA) жыл сайын өткізетін дипломатиялық рождестволық қайырымдылық базары 36 миллион 700 мың теңге жинады.
Жәрмеңке ұйымдастырушыларының сөзіне жүгінсек, қайырымдылық акциясының қорытындысы бойынша, 52 жобаға қолдау көрсетуге шешім қабылданды. Қазақстан аумағындағы әр түрлі балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға, SOS ауылдарға, психологиялық коррекция кабинеттеріне, жетімдер үйіне, медициналық-әлеуметтік мекемелерге, реабилитациялық орталықтарға, Астананың балалар онкологиясы бөліміне, жалғызбасты аналар мен таршылық көріп отырған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жеке тұлғаларға, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорларға жәрдем берілетін болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қайырымды жандар 9 баланы асырап алған отбасыға үй салып берді
Павлодарда жетімдер кәсіпкер сыйға тартқан пәтерге көшті
Қазақстандық жігіт анасына үй алып беру үшін бишілер шоуынан 3 миллион теңге ұтып алды