Елорданың маңында орналасқан ауыл тұрғындары кәріз суына батып отыр
Нұр-Сұлтанға жақын Қосшы ауылында тұрғындар екі күннен бері кәріз суына малынып отырғандарын айтып шағымданды. Сөздерінше, тұрғындар кәріз суын кешіп, нәжістің ортасында қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қосшы ауылындағы «Академия» тұрғын үй кешені тұрғындары үйлерінің екі күннен бері кәріз суын малынып отырғанын айтады. Жалпы алғанда кәріз қалдығына 20-ға жуық үй кәріз қалдығына батқан. Дүние-мүлкі бүлінген тұрғындар коммуналдық қызметтегілер мәселені шешеуден жалтарылуда екенін жеткізіпті.
"Таңғы 8-де су басты. Оянсам, үйдің іші толған су, деңгейі тізеге дейін көтерілді. Сасық, боқ-сідік болып жатты. Қарасақ, унитаздан, раковинадан су ағып жатты, быт-шыт болды. ПИК-ті шақырдық, олар кінәлі емес екендерін айтты", - дейді Қосшы ауылының тұрғыны Мырзагүл Жананова.
Ең сорақысы, бұл жағдай жыл сайын қайталанып тұратын көрінеді. Айтуларынша, жарық өшкендіктен кәріз суын соратын құрылғы істен шығады екен. Десек те «Целиноград су арнасының» өкілдерінің айтары басқа.
"Көпқабатты үйдің астыңғы қабатында адам тұруға болмайды. Тіпті ол коммерциялық мақсаттағы кеңсе болса да, сатып алған кезде міндетті түрде иелеріне «бөлмелерді су баспайтындай қорғаныс болатын кері клапандар қойылуы қажет» деп түсіндіру керек еді. Осындай форс-мажорлық жағдайдың алдын алатын едік", - деді «Целиноград су арнасы» мекемесінің филиал директоры Елена Мұхамеджанова.
Арна мәліметінше құрылыс компаниясы көпқабатты үйді әлі құжат жүзінде пайдалануға бермеген. Сондықтан да кәріз суына батқан үйдің мәселесі толық шешілмей отыр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
