Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық азамат қазақстандықтарды полиэтиленді пакеттерді қолданбауға шақырады

Елордалық Ержан Қабанбаев қазақстандықтарға полиэтиленді пакетті қолданбауға шақырады. Оның айтуынша, оларды биопакеттерге ауыстыру керек. Өйткені мұндай пакеттер қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.

1453990483_polietilenovye-pakety (1)

Бұл туралы Экспрес К хабарлайды.

«Мен флешмоб ұйымдастырып, полиэтиленді пакеттен қол үзуге шақырам. Одан да бір рет емес, бірнеше рет ұстай алатын сөмкелер пайдаланған әлдеқайда жақсы. Ал, биопакеттер одан да жақсы. Қазір көздің жауын алатын небір әдемі сөмкешелер бар. Олардың көлемі әртүрлі. Бағасы 400 теңгеден басталады», – дейді Ержан Қабанбаев.

Ecoproducts group компаниясы биопакеттерді өсімдік шикізатынан жасайды.

«Тегін берілетін полиэтиленді пакеттер барлық сауда нүктелерінің ажырамас тауарына айналды. Олар 20 минутқа ғана пайдаланылып, өзі 100 жылда бір-ақ ыдырайды. Ал, биопакеттер 1 жылға дейін жарамды. Өзі 3 жыл ішінде ыдырайды. Алайда, кәсіпкердер оңай жолды таңдап, экология мәселесін екінші орынға қояды. Биопакеттер полиэтиленді пакеттен әлдеқайда қымбат. Бірақ біз жақсы өнім шығарамыз», – дейді фирма менеджері Валихан Джуманов.

Жанар Даутова

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде тұтынып жүрген 19 литрлік құтыдағы су қауіпті болып шықты

Сіз тұрмыста қолданып жүрген 11 зиянды зат (фото)

Банкідегі тұздалған тағамдар неге зиян?

Талқылау